Спорт денсаулық — кепілі

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында сәуірдің 10-ны күні 1 курс курсанттарының арасында шағын футболдан спорттық сайыс өтті.
Бұл сайысқа барлық 1 курс курсанттары қатысты. Финалда 102-108-ші топтар кездесіп өте тартысты, керемет, әрі қызықты әсер қалдырды.

11_01_1

Көрермендер өз қошеметтерін аямай өз топтарына жанкүйерлік қолдау көрсетті. Тартысты сайыста футбол ойыншылары өздерінің мықтылығын, ұйымшылдықтарын ойын барысында көрсете біліп, 108-ші топ жеңіске жетті.

11_01_2

Ойын соңында 102-ші топ 2-ші орынды қанағат тұтса, 106-ші топ 3-ші орынды, 104-ші топ 4-ші орынды иеленіп үздіктер қатарынан көрінді. Осылайша сайыс соңы үздіктерді марапаттаумен аяқталды.

1 курс бастығының орынбасары

полиция капитаны Кадыров К.С.