Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

2016 жылғы 4 сәуірде ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы күндізгі оқыту факультетінің 3 курс оқу топтарының кураторлары ашық кураторлық сағат өткізді.

3 курс курсанттары Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюро департаменті Штаб-басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Шугумбаева Гүлжан Маратқызымен кездесті.

06_01_1

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша нақты 100 қадам — ұлттық жоспарының 13-қадамында: Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру керек деп жазылған.

06_01_2

Гүлжан Маратқызы «Нақты 100 қадам» жоспарының негізінде 2015 жылғы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның, «Әдеп кодексінің» құқықтық сипаттамасын, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының маңызын түсіндірді.

06_01_3

Сонымен қатар курсанттарға құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық жағдайын; сыбайлас жемқорлықты мониторингілеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы шектеулер мен стандарттарды қалыптастыру; қаржылық бақылау институттарының енгізілу тәртібін баяндады.

Гүлжан Маратқызы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Ұлттық бюро департаментінің жұмыс барысы жайында айтып, баяндама аяқталған соң, курсанттарға бейнесюжет көрсетілді.

Оқу топтарының кураторлары:

Бухметова Ж.С.

Суйеубаева З.М.

Пьянников В.В.

Калиярова Р.Б.