Оқу процесінің тәжірибемен байланысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қылмыстық-атқару мамандандыруының болашақ мамандарын даярлау — білім берудің жаңа технологияларын қолданып, ІІО қызметкерлерінің кәсіби талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару мамандандыруының маманы қылмыстық-атқару жүйесінің толық қызмет етуін қамтамасыз ететін жоғары білікті мамандар болуы қажет. Осындай мамандарды даярлаудың басты мақсаты — курсанттардың қылмыстық-атқару жүйесінде терең білім алуы және болашақтағы қызметінде қажетті дағдылар мен қасиеттер үшін жағдайлар жасау болып табылады.

31_05_1
«ҚР Қылмыстық-атқару құқығы» пәні курсанттарды терең теориялық білім алуын, болашақ қызметке ынталарын арттыруын, қылмыстық-атқару заңнамаларын жетік білуін, сонымен қатар тәжірибелік бағыттағы қызметін игеруді қамтамасыз етеді.
Аталған мақсаттарға жету үшін, 2016 жылдың 30 наурызында кафедра оқытушысы полиция капитаны Рима Болатқызы Қалиярова, КОФ 2 курс 201-204 оқу топтарының курсанттарымен өткізген «ҚР Қылмыстық-атқару құқығы» пәні бойынша дәріс сабағына, көпжылдық еңбек өтілі бар, жоғары білікті қылмыстық-атқару жүйесінің тәжірибелік қызметкерлерін кездесуге шақырды. Бұл кездесуге СОФ ЖКБ бітіруші курсының Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/8 мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры Примов М. және Алматы қ. және Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 мекемесінің РжКБ бақылаушысы әділет прапорщигі Кенджегулов Д.А. қатысты.

31_05_2
Тәжірибелік бағытты күшейту мақсатындағы кездесу барысында, қызметкерлер курсанттардың алдында өздерін таныстырып, өз қызметтік бағыты бойынша қысқаша шолу жасады. Өздерінің қызметтік арнайы ерекшеліктерін, жұмыс жасау барысында туындайтын қиындықтар мен жас мамандар көп кездестіретін мәселелерді талқылады. Тәжірибелік қызметкерлер жаңа Қылмыстық-атқару кодексі ережелерін, жаңа нормативтік-құқықтық актілерін түсіндіріп, әр қызмет пен бөлімшелердің жұмыс ерекшеліктері туралы курсанттарда туындаған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу соңында тәжірибелік қызметкерлер, курсанттарға оқу мен болашақ тәжірибелік қызметтерінде жоғары жетістіктерге жетуін тіледі.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы
және криминология кафедрасы