Ғылым жастар қолында

2016 жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция жұмысы гуманитарлық ғылымдар, өрт қауіпсіздігі қызметі, қоғамның қауіпсіздігін сақтау негіздері мен заң жүйесінің дамуы, ақпараттық технологиялар, техникалық ғылымдар, экология және табиғат қорғау сынды секцияларда өтті. Әрбір секция өз жұмысын қоғамның қауіпсіздігін сақтауға негізделген ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметінің жеткен жетістіктерін талқылаудан бастады.

31_01_1

Конференцияда магистрлер, студенттер мен курсанттар қазіргі заманға сай өзектілігі жоғары мәселелер бойынша баяндама жасады. Конференция жұмысы барысында 70тен астам баяндама тыңдалды.
Аталған конференцияға ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ғылыми-зерттеу және редакциялық-баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің ғылыми қызметкері полиция майоры К.А. Сарсенованың жетекшілігімен Академияның 2, 3 курс курсанттары қатысты.

31_01_2

Конференцияның қорытындысы бойынша 3 курс курсанты полиция қатарындағы Қабай Манар «Ең үздік баяндама» үшін I-дәрежелі дипломға ие болды.
Барша қатысушы курсанттар сертификаттармен марапатталды.

31_01_3

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтының басшылығы кездесуді қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығына үлкен алғысын білдіре отырып, бірлесіп жасаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі келешекте халық пен елге өзінің зор пайдасын тигізетіндігіне сенімдерін білдірді.

полиция капитаны
Ж. Ибраева