Жақында «Наурыз» мерекесін тойлауға байланысты ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде «Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлері қазақ күресінен Түйе Палуан, арқан тарту және асық ойнаудан жарыс өтті.

Бұл жарыс ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Қызылов Мирлан Ахмедияұлының, Қостанай облысы Марал Ишан мешітінің бас имамы Тәжімбет Бахытбек-қажы Нұрғабылұлының, Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан-қажы Ғазизұлының және Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі Ермағамбетов Нұржан Бегайдарұлының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.29_01_1

Жарыстың бас төрешісі ЖжДД кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Р.Танқыбаев болды.
Салтанатты жарыстың алғашқы құттықтау сөзі ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Ахмедияұлы Қызыловқа берілді. Ол Ұлы мереке Наурыз мерекесімен құттықтап, қонақтарға және қатысушыларға жемісті жетістіктер  тіледі.29_01_2

Өз сөзінде Қостанай облысы Марал Ишан мешітінің бас имамы Тәжімбет Бахытбек-қажы Нұрғабылұлы «Наурыз-мейрамы» мерекесінің қысқаша тарихын жеткізіп, жарысқа қатысушыларды да және жанкүйерлерге де денсаулық пен ырыс береке тіледі.29_01_3

Жарысқа құрметті қонақ ретінде ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, ҚСРО-ның спорт шебері ҚМПИ құрметті профессоры Сарсенбаев Олжабай Қажғалиұлы, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, ҚСРО спорт шебері, шеберлер арасындағы әлем чемпионатаның бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Аубакиров Бейсен Байсагизұлы, қазақ күресінен Қостанай облысының аға жаттықтырушысы, ҚР спорт шебері Қасымханов Жұмақан Нұрқанұлы қатысты.29_01_4

Қазақ күресіне 18 палуан, олардың арасында 4 спорт шебері, 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша 1 орын Қасымхан Абылайхан СШҮ (Сұңқар спорт клубы), 2 орын Ермагамбетов Адиль СШ (Арлан спорт клубы)

29_01_5

3 орынды Жиентаев Тоқтар ХДСШ (Қостанай қаласы) алды

29_01_6

Бірінші орынға 50 мың теңге, екінші орынға 30 мың теңге, ал үшінші орынға  20 мың теңге ақшалай сыйлықтар берілді.

Дайындаған
ЖжДД кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
Кабидуллинов Е.А.