Тағылымы мол викторина

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы.

26_03_1

Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

26_03_2

Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығын мерекелеу аясында 2016 жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы базасында мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасы профессрлық-оқытушылық құрамның ұйымдастыруымен «Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына» арналған викторина өткізілді.

26_03_3

Іс-шара 06.01.2016 жылғы Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығын мерекелеу жоспарына сәйкес өткізілді. Аталған іс шараға мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, КОФ 1 басшылығы, КОФ 1 курс курсанттары қатысты. Ойын шарты бойынша қатысушы курсанттар үш командаға бөлінді олар «Алаш», «Зиялылар» және «Бес арыс».26_03_4

26_03_5

Курсанттар арасында өзара бірігушілікті көздей отыра командалар әр взодтың өкілдерінен құрылды. Викторина негізгі үш бөлімнен тұрды, әр бөлімде қойылған сұрақтарға сәйкес ұпай сандары беріліп отырды. Викторина нәтижесі бойынша ең көп ұпай санын жинаған «Алаш» командасы жеңіске жетті. Қатысушы және жеңіске жеткен командалар кішігірім сыйлықтарға ие болды.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы