«Ұмытпайық ата-баба дәстүрін»

Қазақ халқының салт-дәстүрлері, мерекелері өзінің түрлілігімен, мағыналық байлығымен таң қалдырады және толық көлемде ашық, қонақжай, қоршаған ортамен үндестікте тұруға бағытталған қазақ ұлтының сипаттамасын көрсетеді.

Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз. Бұл ойындарды ежелде ата-бабаларымыз тойларда, жиындарда, үлкен мерекелерде ойнаған. Мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі де көрінісі де болған. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуына септігін тигізеді.

Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына және қазақ халқының салт-дәстүрлеріне қызығушылықты және сыйластықты арттыру, курсанттарда серіктестік, жылы лебіздік пен ұйымшылдық сезімін қалыптастыру; ойынға деген қабілеттерін дамыту, ынталандыру, ерік-жігерін тәрбиелеу мақсатында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ 3 курс 301-304, 310-311 оқу топтары арасында 2016 жылдың 24 наурызында ұлттық ойындар: аударыспақ, арқан тартыс, асық, көтермек өткізілді. Іс-шараның басында оқу топтарының кураторлары ұлттық ойындарына қысқаша шолу жасап, ойын тәртіптерін түсіндірді. Курсанттар ұлттық ойын түрлеріне қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Сондай-ақ жанкүйерлер де қарап қалған жоқ.

Іс-шара соңында, естелікке топтық суретке түсіру ұйымдастырылып, ұйымдастырушылар мен қатысушылар жақсы көңілмен тарқасты.

 

 

Оқу топтарының кураторлары:

Р. Калиярова

Ж. Бухметова

З. Суйеубаева

Б. Султанов

Н. Турсумбаев