Нәзік жандар

Сұлу ғой шіркін табиғаты бұрыннан,
Сұлулыққа талай жандар бас ұрған.
Көркем мінез көрінеді келбеттен,
Қазақ халқы қызды сыйлап бұрыннан.

Жаны нәзік, түр сипаты келіскен,
Мен айтамын ойланбастан сеніммен.
Меркесі арулардың бұл күні,
Шаттық сыйлап бір-бірімен көріскен.

Сұлулықты бар бойына жинаған,
Махаббатын ұрпағына сыйлаған.
Қатар алып жұмысымен қызметті,
Көңіл бөліп отбасына әрқашан.

Тұнып тұрған тәрбиелік өн бойында,
Сұлулыққа бақытқа жетер жолда.
Жүрегі мен ақылын қатар қойып,
Шыдамдылық танытқан әрқашанда.

 

Кәрібай Ерсұлтан

2 курс курсанты