Білім және Жарғы талаптарын орындау — бөлімше өмірінің негізі

02.03.2016 жылы академиямызда Әскери және тактикалық арнайы даярлық кафедрасымен викторина өткізілді.

Викторинаның тақырыбы: Білім және Жарғы талаптарын орындау — бөлімше өмірінің негізі. Викторинаға оқу топтарының үздігі, білімі бір-бірінен асқан курсанттар қатысты.

 

Курсанттар әр командаға бөлініп «Бүркіт», «Арлан», «Арыстан», «Барыс», «Сұнқар» атты командалар  I  сайысты жүргізді.

I сайыста I тур болды. Оның мақсаты — нағыз мықты команданы анықтау.

Ойын шарты бойынша қай команданың капитаны жылдамырақ қол көтерсе, сол команда бірінші жауап береді. І сайыстың І турында 24 негізгі сұрақ оқылды. 2 команда «Арлан» және «Сұнқар» бірдей балл жинады, оларға 7 қосымша сұрақ қойылды. Ойында өзінің білімімен көзге түскен «Арлан» командасының үздіктері 103 — оқу тобының курсанты Ж.Каукен, 108 — оқу тобының курсанты Б.Сүндет және 112 — оқу тобының курсанты Д.Шумгульшин үздіктер аталып, жеңімпаз атанды.

I сайыс аяқталған соң II сайыс басталды. II сайыс II және ІІІ турдан тұрды.

II турдың мақсаты: 2 үздік курсантты анықтау. II турда әр оқу тобының атынан 14 курсант қатысты. Бір-бірінен білімімен, тапқырлығымен асқан курсанттар жеңісті оңайлықпен бермеді. Бірақ II турдың соңында 104 — оқу тобының курсанты А.Нусупбекова және 101 — оқу тобының курсанты А.Мажитова үздіктер ретінде анықталып, III турға жолдама алды.

III турдың мақсаты — нағыз үздік курсантты анықтау. Ойын болған соң жеңіс те болады, сол себепті 104 — оқу тобының курсанты А.Нусупбекова бүкіл қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзінің үздік курсант екенін көрсетіп, жеңісті ұтып алды.

Ойымды қорытындылай келгенде, викторина өте қызықты өтті. Ойын соңында жеңген команда мен үздік курсант арнайы сыйлықпен марапатталып, естелік суретке түсті.

 

 

104 оқу тобының курсанты

А.З. Нусупбекова