Тәжірибелі қызметкермен кездесу өтті

Алда әлі де екі оқу жылы болса да 214 оқу тобының курсанттары топ кураторының ұйымдастыруымен болашақтағы мамандықтарына жан-жақты даяр болу мақсатында Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының  әр санат бойынша тыңдаушыларымен кездесулер өткізіледі.

2016 жылғы 23 ақпан күні күндізгі оқыту факультетінің 214 оқу тобының курсанттары Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушысы — Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/9 мекемесі бастығының кезекші көмекшісі әділет капитаны Мурзагулов Айткали Бауржановичпен кездесті.

Кездесу барысында өз қызметін бақылаушы лауазымынан бастаған, қылмыстық-атқару жүйесінде 10 жылдан аса тәжірибесі бар  мекеме бастығының кезекші көмекшісі А. Мурзагулов курсанттарды мекеме өмірінің тек қана кезекші бөлімінің қызметімен ғана емес, жалпы мекеме қызметкерлерінің жұмысымен, қойылатын талаптармен және де әр қызметкерге қажетті қайрат-жігерге, тәжірибеге қалай қол жеткізіп, сапалы маман болудың қыр-сырын айтып өтті. Сонымен қатар курсанттар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға қанағаттанарлық жауап алды.

 

 

Венера Касенова
214 оқу тобының кураторы
полиция аға лейтенанты