«Денсаулық — 2016»

Спорт пен халық денсаулығы Қа­зақ­станның өзінің стратегиялық мақ­саттарына жетудегі табысының ажырамас құрамы екенін Елбасы кезекті Жолдауында тағы бір айқындап берді. Салауатты өмір салтын ұстануды мақсат тұтқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қаңтар және ақпан айларының аралығында дәстүрлі  «Денсаулық — 2016» спартакиадасы өтті. Бұл жарысқа «Номад» әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылар ұжымы белсенді ат салысты.

Салауатты өмір  салтын насихаттап,  спортқа бейім  ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтқан Академия ұжымы үздіксіз табанды еңбегінің арқасында толағай табысқа жетті.  Дойбы ойнаудан Номад командасы (Ә.Қ.Наурзбаева., Ә.Т.Досжанова)  2 орынды иеленіп, жалпы есеп бойынша Номад командасы  Академия командаларының  арасында жалпы командалық 6 орынға қол жеткізді.

Академия басшылығымен әріптестерімізді  қол жеткізген елеулі осы табысымен шын жүректен құттықтаймыз!

Спорт – көркі өмірдің,

Спорт — досың, серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың,

Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

 

 

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы