Пікірсайысшылар жеңімпаз атанды

2016 жылдың 13-14 ақпан аралығында Астана қаласының Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде «Оратор» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен  «Жастар болашақтың бастамасы» атты ашық аймақтық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирде республикамыздың барлық аймақтарынан, атап айтқанда, Астана, Қостанай, Көкшетау, Семей, Павлодар қалаларының пікірсайысшылары сөз додасына түсті. Турнирдің ерекшелігі пікірсайысшылардың түрлі форматта ойын көрсетуі болып табылады. Негізгі іріктеу ойындары халықаралық британдық американдық форматта (БПФ)   өтті. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен Қостанай академиясының  «Заң және тәртіп» ПК мүшелері, дәлірек айтқанда 3 курс курсанттары Қабай Манар мен Қуандық Байболаттан құралған «The champions»  командасы американдық парламенттік форматтың (АПФ) жеңімпаздары атанды. Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов пікірсайысшыларды жеңістерімен құттықтап, оларға бұдан да  биік белестерден көріне берулеріне  тілегін білдірді.

 

Орынбасар Уақпаева
баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы