Әкiмшiлiк құқық бұзушылығын алдын алу және ескерту (лекторлық топтың жұмысы аясында)

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының лекторлық тобының тақырыптық жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 09 ақпанында, Қостанай қаласының №10 орта мектебінің 8-11 сынып оқушыларының құқықтық және психологиялық деңгейін жоғарылату мақсатында, Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.Е. Мукажановпен және Ғылыми-зерттеу орталығы тобының ғылыми қызметкері полиция подполковнигі Д.Т. Мендыбаевамен «Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің әкiмшiлiк жауаптылығы» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс шараның барысында, қатысып отырған оқушыларына әкiмшiлiк құқық бұзушылығын жасаған кәмелеттік жасына толмаған адамға қатысты тәрбиелiк ықпал етудiң шаралары мен әкiмшiлiк жазаның қолданылуы туралы және кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде оның өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiлетiнін айтты.

Дәріс барысында, оқушылардың назарларына бейнесюжет ұсынылды. Дәріс аяғында оқушылар дәріскерлерге қызықтырған мәселелері бойынша сұрақтарын қойып толыққанды жауаптарын алды. Дәріс толықтай өз мақсатына жетті.

 

Азамат Мукажанов
ӘҚжӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны