Лекторлық топтың жұмысы

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының лекторлық тобының 2015-2016 оқу жылына арналған тақырыптық жоспарына сай, 2016 жылғы 28 ақпанда Қостанай қаласының №10 орта мектебінде 9-11 сыныптарының оқушыларымен қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Калиярова Рима Болатовна және күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанты Чуюнбаев Байдаурен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен жазалары» тақырыбында дәріс өткізді. Аталған ісшараның мақсаты: еліміздегі кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық санын азайтудың бірден бір шаралары ретіндегі кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықты ескерту және алдын алу, оқушыларға заңды түсіндіру.

Дәріс оқу барысында оқушылардың назарларына бейнесюжет ұсынылды. Дәріскерлер мен оқушылар арасында кері байланыс орнатылды. Оқушылар өз тарапынан қызықтырушы сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды. Жалпы алғанда, дәріс өз мақсатына жетті.

 

Рима Калиярова
ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны