Дербес бөлу- курсант өмірінің маңызды кезеңі
(Персональное распределение – важный этап в жизни курсанта)

2016 жылғы 15 қаңтарда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында күндізгі оқыту факультетінің  4 курс курсанттарын (2012 ж. жинақ) «Құқық қорғау қызметі», «Педагогика және психология», «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша дербес бөлу жөніндегі комиссия отырысы  болып өтті.

Комиссия отырысында облыстардың ішкі істер  және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің кадрлық аппараттарының өкілдері қатысты. Дербес бөлу жөніндегі комиссияны Қазақстан Республикасы  ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі  комитетінің төрағасының орынбасары, әділет полковнигі   А.Х. Базылбеков және Академия бастығы, полиция полковнигі М.А. Кызылов басқарды.

2016 жылы 142 курсант оқуды аяқтағалы жатыр, оның ішінде 11 курсант Тәжікстан Республикасынан.  Дербес бөлу туралы хаттамасы бойынша 131 курсант облыстардың ІІД және ҚАЖД жергілікті бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылды.

Комиссия отырысында өндірістік практиканы өту талаптарын сақтау, олар міндетті түрде 2016 жылғы істерді жинақтау барысында ескеріліп, 2015 жылғы талапкерлердің жеке істерін қалыптастырудағы кемшіліктер туралы ақпарат мәліметке алынып жеткізілсін.

Академия бастығы облыстардың  ішкі істер  және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің кадрлық аппараттары өкілдерін курсанттарға обьективті көзқараспен қарап, оларға қызмет орнын таңдауда мүмкіндік бергендері үшін алғысын білдірді.  Курсанттарға тағылымдамаларын сәтті өтуге, өздерін тек жақсы жағынан көрсете білуге, оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын таңдаған мамандықтарына сенімді болып, қызметтік барлық қиыншылықтарына төзе білуге тілек білдірді.

Отырыстың  соңында жеке бөлу бойынша курсанттармен   облыстардың кадрлық өкілдері кездесу  ұйымдастырды.

 

 

Күндізгі оқыту факультеті

 


15 января 2016 года в  Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шракбека Кабылбаева проведено заседание комиссии по персональному распределению курсантов  4 курса (набор 2012 г.) факультета очного обучения по трем специальностям «Правоохранительная деятельность», «Педагогика и психология», «Социальная работа».

В заседании комиссии приняли участие представители кадровых аппаратов Департаментов внутренних дел и уголовно-исполнительной системы областей. Комиссию по персональному распределению возглавляли — заместитель председателя Комитета уголовно-исполнительной системы МВД Республики Казахстан, полковник юстиции Базылбеков А.Х., начальник Академии, полковник  полиции Кызылов М.А.

В 2016 году готовится к выпуску — 142 курсанта, из них 11 курсантов из Республики Таджикистан. Согласно протоколу о персональном распределении 131 курсант трудоустроены в территориальные подразделения ДВД и ДУИС областей.

На заседании комиссии доведена до сведения информация о соблюдении требований прохождения производственной практики, о недостатках формирования личных дел абитуриентов 2015 года, которые необходимо учесть при комплектовании дел в 2016 году.

Начальник Академии поблагодарил представителей кадровых аппаратов Департаментов внутренних дел и уголовно-исполнительной системы областей за объективный подход к курсантам по предоставлению им выбора места службы. Пожелал курсантам успешно пройти стажировку, показать себя только с положительной стороны, применяя полученные за время обучения знания и навыки, быть верными избранной профессии и стойко переносить все тяготы службы.

По завершению заседания по персональному распределению была организована встреча представителей кадровых областей  с курсантами.

 

Факультет очного обучения