«Жыл адамы — 2015» мүсінімен марапатталды

Бұқаралық ақпарат құралдары саяси процестердегі ең ықпалды құрылымдардың бірі және саяси сахнадағы негізгі құрал болып табылады. Сондықтан, баспасөз, радио мен теледидар қоғамға ықпал ететін және жанама түрде тәрбиелейтін мықты институт.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен, сонымен қатар теледидар, радиомен белсенді тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарып келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республика, облыс тұрғындары оқу ордамыздың күнделікті тыныс-тіршілігімен, білім нәрін алып жатқан курсанттар арасында өткізілген әртүрлі мәдени-көпшілік және спорттық ісшаралармен, ақпараттармен хабардар.

Ағымдағы жыл барысында Академия басшылығы, профессорлық – оқытушылар құрамы және курсанттар «Қазақстан — Қостанай» ОТРК телеканалы арқылы  білім, ғылым, тәлім-тәрбие саласында және республикалық, облыстық, өңірлік деңгейде өткізілген ісшараларға белсене қатысып, оқу ордасының  беделін көтеріп, өздерінің жетістіктерімен  танылуда.

«Қазақстан-Қостанай» ОТРК телеканалының ұжымы 2015 жылдың 23 желтоқсан күні ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызыловқа мемлекет және қоғам қайраткері Шырақбек Қабылбаевтың ескерткіші алдында «Жыл адамы — 2015» мүсінін табыс етті.

Полиция полковнигі Мирлан Қызылов: «Қазақстан-Қостанай» ОТРК телеканалының ұжымына алдағы уақытта жаңа ізденістер, тың жаңалықтар, шығармашылық табыстар,  қаламдарыңызға қызықты тақырыптар, кәсіптеріңіздің өрлеуіне сәттілік тілеймін!», — деп жылы лебізін білдірді. Бұл  -оқу ордасы  үшін, маңызды да  қуанышты күн.

Профессорлық – оқытушылар құрамы, қызметкерлер және курсанттар академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызыловты «Жыл адамы — 2015» мүсінімен құттықтап, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік болып, жаңа бастамаларыңызға табыс тілейді!

 

Орынбасар Уақпаева