Ұлы мереке

Қазақстан халқы үшін тұғырлы мереке — Тәуелсіздік күні еліміздің ең елеулі күні.Сан ғасырлар арман болған егемендік — ата — бабаларымыздың бізге қалдырған баға жетпес сыйы. Еліміз бұл мерекені жылда ерекше сый құрметпен атап өтеді. Біз бірінші курс жеке құрамы бұл мерекені ең басты мереке ретінде атап өттік.

Он жетінші желтоқсан күні бірінші курс курсанттары академия қабырғасында мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік концертті курс бастығы, полиция майоры Азамат Браліұлы Кусеубаевтың құттықтау сөзімен, үлгілі және озат тыңдаушыларға алғыс жариялауымен басталды.

Шара барысында «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан боздақтарымызды еске алатын қойылым қойылды. Оны әсем әндер жалғап, домбырадан күмбірлеген күй де төгілді, мың бұралған бишілеріміз биімен тамсандырса, мерекеге арнаған өлең шумақтары таңдай қақтырды. Мерекелік шараның шымылдығын Ескендір Хасанғалиевтің патриоттықа толы Атамекен атты әні жапты. Жалпы мерекеміз өте жоғары деңгейде өтті. Келешекте осы күнді жоғары деңгейде өткізіп, Тәуеліздігімізді қастерлейік!

 

1 курс басшылығы