Стихи слушателей Академии

Казахстан, я твой гражданин


Нет для меня роднее Казахстана,
Я здесь живу, здесь я детство провела.
Я буду в будущее верить неустанно,
Вершить стараться и делать добрые дела.

Я – патриот своей страны, я им останусь,
Благодаря тебе, я целей всех добьюсь.
Я — гражданин твой, Казахстан, и этим славлюсь,
Я родилась  здесь – этим я горжусь.

Люблю твои бескрайние просторы,
Душистые цветы твоих степей.
Твоим красотам радуются взоры,
Живущих казахстанских здесь людей.

Вершины гор твоих покрыты снегом белым,
Слепят глаза чуть задевают облака.
Ты для народа будешь самым лучшим,
И пусть порой задача эта нелегка.

Моя земля, ты заслужила уважения,
Твоя история бесценна навсегда.
Тебе на всё хватило силы и терпения,
И хватит их на долгие года.

И пусть пройдут года в одно мгновение,
Но для народа ты непобедим!
Мой Казахстан – поэтов вдохновение.
Ты – мой лидер, я – твой гражданин.

Влада Джуган
курсант 1 курса

 

ОтанымҚазақстан!


Өзің жайлы жазар болсам, Қазақстан,
Жиналады том – том кітап, жыр – дастан.
Жәнібек пен Керей атам қалаған,
Тамырыңнан айналайын Ғажапстан.

Отан деген, оттан ыстық әрқашан,
Сыртта жүрсем Отаным деп жар салам.
Тыста жүрсем сенің бар байлығыңды,
Шын жүректен, мақтанып мен айта алам.

Мұқағали, Абайлардай емеспін.
Өзің жайлы бір бұлардай демеспін.
Білемін ғой, білемін ғой, ақындық,
Қабілетімнің сірә мықты емесін.

Сонда да, сүйе берем Отанды,
Серік қылып қағаз бенен қаламды.
Ойымдағы, жүректегі Сіздерден,
Жазам өлең ұйқастырып сен жайлы.

Біз барда сен өшпейсің Отаным,
Жауларыңнан өзім болам қорғаның.
Жауларынан әрқашанда қорғаған,
Батыр бабаларыңдай мен боламын.

Патриот болу керек  бар қазақ,
Отанымызды қорғау керек әр қазақ.
Ұйымшыл боп, бірлесіп іс жасасақ,
онда ғана болмаймыз жатқа мазақ.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқан,
Құр айтпай оны ұран қып жазған.
«Бұл әлемде бар біздің жалғыз Отан,
Ол біздің Тәуелсіз мынау Қазақстан!!!».

Думанжан Тұрсынбай
1 курс курсанты

 

Туған далам


Ежелден жырлап өткен бабаларым,
Өткен шақты мен қазір еске аламын.
Тамырын терең жайған тарихымен,
Туған далам топырағыңнан айналайын.

Туып өстім туған далам бір өзіңде,
Алаңсыз ойнап күлдім мен кезінде.
Балауса балғын шағым өтті менің,
Туған далам оның бәрі әлі есімде.

Туған далам ай күнімен мұңдасқан,
Туған далам өзен көлі көк аспан.
Туған далам тау бөктері қырға асқан,
Туған далам табиғатпен сырласқан.

Туған далам қаймағы бұзылмаған,
Туған далам ат ойнап тай құлындаған.
Туған далам еріксіз көз алдымда,
Туған далам топырағың ыстық маған.

 

Ерсұлтан Кәрібай
2 курс курсанты

 

 
Туған елім


Туған елдің еркелеген ұлымын,
Сүйегіне терең сепкен ұрығын.
Аманатпен табыстаған бабамның,
Ту ғып ұстар биіктегі тұғырын.

Жерім байтақ, елім еркін ежелден,
Тәуелсізбіз тереземіз теңелген.
Бабаларым қорғап берген мұрасын,
Нұр ағамыз  абыроймен игерген.

Қазақ елі от боп лаулап жанғаның,
Бағытыңды айқындатып тыңдадың.
Сенші маған туған елім, Отаным,
Әлі алдыңда арайлаған таңдарың.

 

 

 

 

Құдайберген Тельман
3 курс курсанты

 

Мен қазақпын


Мен қазақпын ат жалында ойнаған,
Мен қазақпын түйе қомын жайлаған.
Мен қазақпын төрт түлік мал айдаған,
Мен қазақпын елдің қамын ойлаған.

Мен қазақпын қаным қазақ, жаным қазақ о бастан,
Туылғанда қазақ өтіп тапты анам.
Дұшпандарға тым қаталмын сондықтан,
Қазақ болып туғаныма мақтанам.

Мен қазақпын Алатауда, Сарыарқада, Қызылқұмда мекенім,
Осы жерлер жетіп жатыр керегі жоқ меккенің.
Әуел бастан бәрін біліп бабалар,
Қара міне, қандай әсем қоныс тауып кеткенін.

Мен қазақпын достар үшін көңіл ашық,
Жағалаудан еш кетпеймін бір тасып.
Аясында, осы мына Отан деген ананың,
Еңбек етем, барлық ұлттың өкілімен достасып.

Ботакөз Парахатова
1 курс курсанты

 

Қазағым


Мен қазақпын,
Өз елімді пір тұтамын.
Қазақ еліммен мақтанамын,
Қазақ тілі арқауы өмірімнің.
Қазақ болған Аллаға мың ризамын.

Ақ көңіл қазағымның пейілі кең,
Кең даламен қазағымның мейірі тең.
Қазағымды сыйлаған әр пендеге,
Өмір бақи шексіз алғыс айтып өтем.

Бар әлемге қазақпын деп жар саламын,
Қазағымды сыйлаңдар деп ән жазамын.
Сол әнімнің басы менен аяғында,
Бір қазақты әндете жыр жазамын.

 

 

 

Айдана Серикбаева
1 курс курсанты