«Стартинейджер» сайысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2015 жылдың 12 желтоқсан күні КОФ-тың 2-курс тыңдаушылары арасында «Стартинейджер» кәсіби емес бишілер сайысы өтті. Сайысқа 11 команда қатысты.

«Стартинейджер» — бұл би-көңіл көтеретін сайыс.

Өткізу мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын насихаттау; 2. Бірлескен қызмет арқылы ұжымды біріктіру, азат ету үшін жағдайды жасау, жетекшілерді айқындау және олардын шығармашылық қасиеттерін айқындау.

Бұл іс-шарада қойылған талаптар 2-кезеңнен болды. І-кезең «Поппури»; ІІ-кезең, «Үй жұмысы»

Әділ-қазы алқалары: Қаппасов Е.Т., Мұхтабаева Р.К., Тукинбаев Н.А., академия психологы.

Шығармашылық өнерлерін көрсетіп, 201 – топ Гран-при атағына ие болды, жетекшісі полиция капитаны Ақылбекова А.Б, ал келесі 1-орынды 209-топ иеленді — жетекшісі полиция капитаны Алпеисов Б.Б, 2-орынды 205-топ иеленді — жетекшісі полиция капитаны Олексюк М., 3-орынды 204-топ иеленді — жетекшісі полиция аға лейтенанты Абдибеков Н.И. «Ең үздік жанкүйер» 202-топ грамотамен марапатталды, жетекшісі полиция майоры Бекжанова Е.

Барлық қатысушыларға көңіл бөлініп, сертификат және  грамоталармен марапатталды.

 

Әсел Ақылбекова
201 оқу тобының жетекшісі,
полиция капитаны

Болат Алпеисов
209 оқу тобының жетекшісі,
полиция капитаны

Нұрбек Абдибеков
204 оқу тобының жетекшісі,
полиция аға лейтенанты