Ардагер полковникпен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбеқ Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2015 жылдың 6 желтоқсанында полиция полковнигі, ұстаз, ардагер Есенбек Қалиұлы Құрмановпен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: 1 курс курсантттарын жігерлендіру, оқуға деген ынтасын арттыру, жеке құрамның кәсіби эстетикалық – адамгершілік және интеллектуалдық деңгейін көтеру.

Құрманов Е.Қ. өзінің басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Курсанттар полковниктің өмірі туралы біраз мәліметтерге қанық болды. Өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Өте іскер, білімді, спорт шеберіне үміткер Құрманов мырзаға ұқсап бой түзейтін курсанттар, ардагерге өз ризашылықтарын білдірді.

Кездесу барысында оқу орнымыздың құрметті ардагеріне естелік сыйлықтар, марапаттау қағазы табыс етілді.

Есенбек Құрманов курсанттарға өзінің ақ тілегін айтып, білімді де білікті жақсы маман болуды тіледі.

 

Нұрдаулет Сундетбаев
1 курс курсанты,
полиция қатарындағы