Академияда Тұңғыш Президент күні мерекеленді

2015 жылдың 30 қараша айында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты салтанатты іс-шара өткізілді.

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Гимні орындалуымен басталды.

Баршамызға мәлім, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы болып өтті. Бұл сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ел Президенті болып сайланды. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылғы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке, тарихта қуанышты оқиға болып танылды.

Іс-шараны академия бастығы заң ғылымының кандидаты, профессор, полиция полковнигі Мирлан Қызылов: «Бұл күн, бүкіл қазақстандықтардың тарихи таңдау және халық бірлігі мен келісім күні. Бұл мереке, Қазақстан халқының өзінің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевқа жоғары сенімінің, терең қадір – құрметінің жарқын көрінісі болып табылады. Елбасымыз бабаларымыздың тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызады. Ол — әлеуметтік-экономикалық, саяси қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бірегей моделін жасаған осы заманғы аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер» — деп, профессорлық-оқытушылар құрамын, қызметкерлермен тыңдаушыларды мерекелі күнмен құттықтады.

Осындай мерекелі күні, оқу ордасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Академия бастығының бұйрықтарымен қызметтік міндеттерін адал орындап, жұмыста көрсеткен жетістіктері үшін «Құқық тәртібінің қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальімен, «ІІО үздігі» кеуде белгісімен, құрмет грамотасымен, грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара күндізгі оқыту факультеті тыңдаушыларының мерекелік концертімен жалғасын тапты. Оқу ордасының профессорлық-оқытушылар құрамын және қызметкерлерін тарихи күнмен құттықтау үшін, Қостанай қаласының әншісі Бердібек Токешев «Қазақтың қара баласы», «Ақ тілек» өлеңдерін,  №24 мектеп-гимназияның оқушылары Абылай, Асыл, Аян атты кішкентай бүлдіршіндеріміз қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы домбырамен күйін шырқаса, ал биші қыздарымыз билерін тарту етті.

Сондай-ақ, концерттік бағдарлама аясында, «Қазақ биі», «Земля моя», «Анашым» және тағы да басқа өлеңдер шырқалып, билер биленді.

Тұңғыш Президент күні оқу ордасының профессорлық-оқытушылар құрамына, қызметкерлерге және тыңдаушыларға мерекелік қуаныш пен сезім сыйлады.

 

Орынбасар Уақпаева
баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы