214 оқу тобының тыңдаушылары тәжірибелік қызметкерлермен кездесті

2015 жылғы 23 қарашада кураторлық сағат уақытында 214 оқу тобының тыңдаушылары оқу тобының кураторы полиция аға лейтенанты Венера Касенованың ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері: арнайы есеп бөлімінің бастығы, әділет капитаны Жанар Абдрахмановамен және арнайы есеп бөлімінің есеп жөніндегі технигі, әділет старшинасы Жулдыз Жарменовамен кездесті.

Кездесу барысында болашақ қызметтері әлеуметтік жұмыс саласына қатысты «әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын тыңдаушыларға арнайы есеп бөлімінің негізі жұмысы, сотталғандармен жұмыс істеу әдістері, сотталғандардың әрі қарай жазасын өтеуге режим бойынша айдауылдаумен айдау, айыпталушылар мен сотталғандарға келген заңды өкілдер, адвокаттар мен тергеушілердің мекемеге кіргізіп — шығарылу тәртібі және т.б. түсіндірілді. Мекеме мен пробация қызметі арасындағы өткізілетін жұмыстардың қатары туралы да айтылды. Тәжірибелік қызметкерлер тыңдаушылармен болашақ мамандықтарына қатысты тәжірибелермен бөлісті.

Кездесу соңында, тәжірибесі мол қызметкерлер тыңдаушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу өз мақсатына жетті.

 

 

Венера Касенова
214 оқу тобының кураторы
полиция аға лейтенанты