«Ардагерлер ешқашан қартаймасын»

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы». Биыл Жеңістің 70 жылдығы тойланып өтті.  «Жеңіс» сөзі тарихымызда мәңгілікке жазылып қалды.

2015 жылдың 18 қараша күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының профессорлық – оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен күндізгі оқыту факультетінің тыңдаушылары Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерін құрметпен қарсы алды. Салтанатты ісшара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалуымен басталды.

Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов: «Құрметті тыңдаушылар, бүгін оқу ордамыздың тыныс-тіршілігімен танысуға Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлері келіп отыр. Ардагерлеріміздің ерліктерін мақтан тұту, оны келешек ұрпақтың естерінде мәңгі қалдыру – болашақ ұрпақтың міндеті. Сіздерге, еліміздің игілі үшін атқарған еңбектеріңізбен қызметтеріңізге мың да бір алғыс білдіремін!» — деді.

Тыңдаушылардан құрылған жасақ отрядтары академия алаңында 30 ардагерге көпшілік тәртіпсіздік пен төтенше жағдайларда арнайы қорғаныс жабдықтарын қолданудағы оқу-жаттығуларын көрсетті.

Полиция полковнигі Мирлан Қызылов: «Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР ішкі істер министрі, генерал-лейтенант, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ішкі істер органдары саласындағы мемлекеттік және кадрлық саясатын жетілдіруге қосқан үлесі үшін, 2014 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1287 Қаулысымен мәңгі есте қалдыру, болашақ жастарға үлгі-өнеге беру мақсатында Академияға Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың құрметті есімінің берілгендігін, ескерткіштің, өмірі мен қызметтік жылдары жинақталған мұражайдың ашылғандығы туралы айтты. Оның  ұзақ жылдар бойы ерен еңбек еткен өмірі мен қызметі, бүгінгі жас ұрпақтар үшін үлгі-өнеге!» — деді. Ардагерлер есімі аңызға айналған Ш.Қабылбаевтың ескерткішінің қасында естелікке суретке түсті.

Кездесу өз жалғасын оқу ордамыздың спорткешенімен жалғасын тапты. Академияда спортқа ерекше назар аудартылады. Тыңдаушыларымыз халықаралық, республикалық, облыстық және өңірлік деңгейлерде спорттың әртүрлері бойынша өткізілген шараларға қатысып, самбо, дзюдо, қоян-қолтық ұрыс, қазақша күрес, еркін күрес және т.б. бойынша күрес түрлерінен жүлделі орын иеленген спорт шеберлері өз өнерлерін ардагерлерге тарту етті.

Бүгінгі таңда, тыңдаушыларымыз Қазақстан Республикасының, ішкі істер министрлігінің, Академияның және облыстың даңқын шығарып, оқу ордамыздың имиджін көтеріп жүр. Сондай-ақ, академияда бүлдіршіндерден жинақталған «Жас Ұлан» патриоттық клубы да өз өнерлерін көрсетті.

Ардагерлер бүлдіршіндердің және тыңдаушылардың өнерлеріне таңырқай қарады.

Күндізгі оқыту факультетінің 1 курс тыңдаушылары ардагерлермен оқу ордамыздың акт залында кездесті. Кездесу барысында «Ата» қоғамдық қордың төрағасы Марат Қабдысалықов, Қамқорлық кеңесінің өкілі Аркадий Денисов тыңдаушыларға қордың қызметі жайлы айтса, ал Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Котелевский, мемлекеттік қауіпсіздігінің ардагері Галихан Маулетов, мемлекеттік қызметтің ардагері Валентин Михайлов өздерінің өмірлерінің  және қызметтік жылдарының естеліктерімен бөлісті.

Шырақбек Қабылбаевтың өмірі мен қызметі туралы бейнефильмді тамашалады. Тыңдаушылар ардагерлерге сұрақтарын қойды. Ардагерлер ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Шырақбек Қабылбаевқа арналған мұражайды тамашалады.

Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов: «Сіздерге құрмет көрсету жас тыңдаушылардың бойындағы Отанға, елге деген және келешекте адаммен адамзаттың, мемлекет пен қоғамның заңды мүдделерін сақтау жолында адал қызмет ету. Олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, рухани-адамгершілік, рухани мәдениетін арттыру, бойында қазақстандық патриотизм сезімін және азаматтық жауапкершілік ұстанымын, республиканың мемлекеттік рәміздеріне, қазақстан халқының тіліне және дәстүріне қызметпен қарауды қалыптастыру болып табылады. Сіздердің ерліктеріңіз, өмірлік жолдарыңыз болашақ жастар үшін тәлім — тәрбие! —  деді.

Аталған кездесу дастархан басында аяқталды. Құрметті ардагерлеріміз, бүгінде біздің қатарымызда. Олар Отан үшін от кешіп, еліміздің игілігі үшін ерен еңбек еткен жандар.

Біз, ардагерлерімізге әрқашан бас иеміз. Оларға мықты денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын, бейбітшілік, молшылық пен бахытты өмір тілейміз.

 

Орынбасар Уақпаева
баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы