Тыңдаушылардың демалыс күндерін тиімді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 106 және 208 оқу топтарының тыңдаушылары арасында патриоттық сезімін арттыру және Қостанай облысының тарихымен танысу мақсатында, 2015 жылдың 15 қарашасында  тыңдаушыларды Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында, Қостанай облысының тарихын, жанды ескерткіштерін, киелі орындарын, археологиялық және сәулет ескерткіштері туралы мол мағлұмат алды. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы экскурсиядан соң, тыңдаушылар Қостанай қаласының орталығында біраз серуендеп, «Арман-3D» кинотеатрынан көркем-драммалық фильмді тамашалады.

Тыңдаушылар демалыс күндеріндегі бос уақыттарын тиімді өткізіп, жақсы әсер алды.

 

Дилара Мендыбаева
106 оқу тобының кураторы
полиция подполковнигі

Асылан Қаражан
208 оқу тобының кураторы
полиция аға лейтенанты