ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАР АРАСЫНДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ, ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІНЕ АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекет құра отырып», деп басталатын басты құжатта Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізі салынды.         Осының негізінде, Қазақстанның мемлекеттік ұлттық саясаты қоғамдық келісім конституциялық қағидасына негізделе отырып, жалпы адамзаттық тұжырымдарға сәйкес халықтың біртұтастығын қалыптастыруға бағытталды.

Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі.

Бұл – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Қазақстан халқы ассамблеясының V сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қоғамдық келісім — Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі. Бұл — ойдан шығарылған формула немесе саяси қалып емес, бұл — біздің ішкі саясатымыздың өзегі. Бірақ, ол күн сайын нақты да көрнекті әрекеттермен толығып отыруы керек» — деп, біздің негізгі бағытымызды айқындап берген болатын».

Осындай өзекті де өміршең мәселелерді талқылау мен сараптау мақсатында Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік хатшысының қатысуымен 2015 жылдың 10 қарашасында Қазақстан Республикасы Президенттінің жанындағы Мемлекеттік басқару  академиясының ғимаратында  Қазақстан халқы Ассамблеясының, кеңейтілген ғылыми-сарапшылық кеңесі отырысының шеңберінде жас ғалымдар арасындағы этносаралық, толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстардың республикалық байкауы  өтті. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Мырзабек Сардарбекұлының Тойғанов «Толерантность казахстанского общества как основа противодействия религиозному экстремизму (исламского толка) в контексте политической культуры» атты ғылыми жұмысымен үздіктер қатарынан табылып, арнайы сертификатпен марапатталды.

 

 

Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы