Ардагерлерді ардақтайық

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ардагерлер кеңесінің шешімімен 1 қараша күні Академияның ардагерлер  күні болып жарияланғаны белгілі. Аталмыш күн аясында күндізгі оқу бөлімінің 3 курс, 302 — топтың тыңдаушылары мен топ кураторы полиция капитаны Сұлтанов Берік Дүйсенұлы тілдер кафедрасының ардагері Қасыбаев Құрманғали Қыпшақбайұлымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында тыңдаушылар ардагер қонаққа өздерін қызықтырған бірқатар сұрақтарына жауап алды және Құрманғали Қыпшақбайұлының ізгі тілегі мен ақыл кеңесін тыңдады. Сұхбат барысында ардагер аға ішкі істер органдарында  қызмет еткен жылдардағы өзі басынан кешкен қызықты да тартымды тұстарымен бөлісті және кәсіби маман әрі өз қызметінің шебері болу оқу мен білімнің негізінде жүзеге асатынын болашақ мамандарға жеткізді.

Кафедра ардагері Құрманғали Қыпшақбайұлына сұхбат барысындағы берген келелі ой, ағалық кеңесіне топ тыңдаушылары өз алғыстарын білдіре отырып шығармашылық мол табыстар тілеп алғыстарын жаудырды.

 

Берік Сұлтанов
тілдер кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны