1 курс тыңдаушыларымен Академия Ардагерлері кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  2015 жылдан бастап 1 қараша күні Академия Ардагерлері күні деп бекітілді.

Осыған байланысты, 2015 жылы 2 қараша күні 1  курс тыңдаушылары Академия ардагерлерімен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты: жастарды патриоттыққа баулу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, ішкі істер қызметкерлерінің имиджін арттыру мақсатында тәрбиелік сағат өткізілді. Кездесу барысында ардагерлер өздерінің басынан өткен қиын да қызықты өмірлерінен, бастан кешкен оқиғаларын, сонымен қатар тыңдаушыларға көп ақыл-кеңестерін айтты. Кездесу барысында тындаушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, ал ардагерлер оларға нақты әрі түсінікті жауап берді.

Кездесуде 1 курс тыңдаушылары ардагерлерден пайдалы да, тәрбиелік мәні бар қажетті кеңестер естіді.

Іс-шараның соңында ардагерлер тыңдаушыларға өз тілектерін білдіріп, болашақта өз мемлекетіне және таңдаған мамандығына адал қызметкер болуына тілек білдірді.

Кездесу өте қызықты өтті.

 

  1 курс басшылығы