1 курс тындаушылары шағын футболдан жарыс ұйымдастырды

2015 жылғы 1 қараша күні ҚР ІІМ Ш.Кабылбаев атындағы  Қостанай академиясында 1 курс тыңдаушыларының арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысты 1 курс бастығы полиция майоры А.Кусеубаев өткізді.

Жарысқа барлық оқу тобы белсене қатысты. Жарыстың  басты мақсаты «Салауатты өмір  салтын сақтау».  Әрбір оқу тобының ойыншылары  күш сынасқан кезде жанкүйерлер  барынша  қолдау  көрсетті. «Бірінші байлық денсаулық» — деген сияқты, біздің футболшыларымыз  бірінен – бірі асып түскен, ержүрек және  шыныққандар болып шықты.

Ойын өте қызықты өтті. Бірінші орынға 110-шы оқу тобы ие болды, ал екінші орынға 108-ші оқу тобы, ал  үшінші орынға 101 оқу тобы жеңіп алды.

Жүлделі орындар иеленген жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

«Жарлының байлығы – Денінің саулығы» демекші, әрбір тыңдаушы спортпен шұғылдануы қажет.

 

Жандос Қадырбай
1 курс тындаушысы