Серікбай Оспанұлы филология ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, публицист, журналист, ғалым әрі аудармашы Серікбай Оспановпен 2015 жылдың 31 қазанында ҚР Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 4 курс тыңдаушыларымен тәрбие жұмысы бөлімі қызметкерлері және 4 курс басшылығы кездесу ұйымдастырды.

Тыңдаушылар кездесу барысында  ақынның өмірбаяны, атқарған еңбектері және шығармашылық жұмыстарымен таныс болды. Ақын С. Оспанов өзі жазған бірнеше өлеңдерін оқып, домбрамен Қазақстан жұртшылығына танымал «Сағындым Алматымды» әнін тыңдаушыларға шырқап берді. Сонымен бірге әдебиет өмірінен сыр шертті. Кездесу барысында тыңдаушылар айтылған әңгімелерге ерекше қызығушылық танытып, әртүрлі сұрақтар қойып отырды.

Ақын, өзінің шығармашылығымен қатар қолөнер шебері екендігін де айтып, қазақы салт — дәстүрлер жайлы әңгімеледі.  Осы іс-шара барысында кездесу мәнді де қызықты өтіп, ақын ағамызға сый құрметпен  4 курс тыңдаушылары атынан сыйлық тарту етіп, соңынан естелікке фотосуретке түсірілді.

Тыңдаушылар әдебиет нәрімен сусындап, білгендерімен бөлісіп, білмегендерін біліп, керемет әсер алды. Алдағы уақыттада келіп осылай сұхбат өткізуін сұрады.

 

                                     4 курс басшылығы