Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытудың басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2015 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытудың басым бағыттары» атты Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференция жұмысына Ресей мен Қазақстанның ғалымдары қатысты.

Конференцияны ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, полиция полковнигі М.А. Қызылов ашты. Ресей ЖОҚФ Академиясы (Рязань қ.) қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ішкі қызмет полковнигі С.Р. Тютиков құттықтау сөз айтты. Сондай-ақ Ресей ЖОФҚ Академиясының (Рязань қ.) бастығы ішкі қызмет генерал-майоры А.А. Крымов бейне үндеуі арқылы құттықтады.

Конференцияға қатысушылардың баяндамалары пленарлық мәжілісте және сессиялар жұмыстарында тыңдалды. Пленарлық мәжілісте «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау департаменті директорының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңесінің хатшысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ж. Галиев; Ресей ЖОФҚ Воронеж институтының азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ішкі қызмет подполковнигі Ю.В. Помогалова; Ресей ЖОФҚ Академиясы (Рязань қ.) қылмыстық-атқару жүйесі қызметін ұйымдастыру және басқару кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ішкі қызмет полковнигі А.Ю. Долинин; А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің философия кафедрасының меңгерушісі философия ғылымдарының докторы, профессоры С.А. Қолдыбаев; Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Момышұлы атындағы Оқу орталығының бастығы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, полиция полковнигі Б.А. Тойлыбаев; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы А.Б. Скаков; Қостанай облыстық сотының судьясы, Челябинск мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты В.М. Шакун сөз сөйледі.

Конференция жұмысына Астана қаласы Оқу орталығының өкілі С.Н. Ғалымова-Кенжетаева, Қостанай облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Қ.Т. Оспанов, «Нұр Отан» ХДП КОФ төрағасының I орынбасары А.С. Сапарова, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Б.Ж Байжанов, Қостанай облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бастығының орынбасары А.Н. Оримбаев, Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Ж.Б. Ордабаева, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі А.М. Досекенов, Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалынан заң ғылымдарының кандидаты А. Бекмағамбетов қатысты.

Конференция барысында келесі бағыттарда сессия жұмыстары жүзеге асырылды:

— Қазақстан Республикасының жаңа заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері;

— Құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби даярлаудың тәжірибесі мен дамыту келешегі.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша таралымы 100 дана, көлемі 53,75 б.т. болатын конференция жинағы басылып шықты, оған Бангладеш, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары, басқа да білім беру ұйымдары, құқық қорғау органдары өкілдерінің ғылыми мақалалары енді.

Дәстүр бойынша, Ресей делегациясының ғалым – өкілдері Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің тыңдаушылары алдында дәрістер оқыды.

Өткізілген іс-шара ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары – «Қостанай таңы» газетінде, сонымен қатар телеарна мен радио каналдарында жарыққа шықты.

 

Ғылыми-зерттеу және редакциялық баспа жұмысын
ұйымдастыру бөлімінің аға ғылыми қызметкері
полиция подполковнигі Гульзейнеп Садвакасова,
редакторы Гульбаршын  Исмагулова