«Қазақ хандығына 550 жыл» және «Қазақстан халқының Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбына арналған дебаттық жарыс.
( Дебатный турнир на тему: «550-летию Казахскому ханству» и «20 лет Ассамблее народов Казахстана»)

2015 жылғы 24-25 қазанда «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы «Жас Отан» жастар қанатымен Қостанай облысының (құрылтай) дебатшыларының І жиыны өткізілді, онда, Қостанай облысындағы дебаттық үйірмелердің негізгі ережелері, тапсырмалары және болашақ дамуы талқыланды.

Осы жиынның аясында 2015 жылдың 25 қазанында Қостанай экономикалық колледжінің қабырғасында «Қазақстан халқының Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбына арналған «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогінің ХІІІ Республикалық жарысына аумақтық іріктеуі өткізілді. Ойын қорытындысы бойынша, біздің Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «The Chamhions» командасы, Академияның дебаттық үйірмесінің жетекшісі Ғылыми-зерттеу орталығы тобының аға инженері, полиция капитаны К.Н. Ташеновтың басшылығымен құрметті 3 орынды иеленді.

 

Куандык Ташенов
ҒЗО  аға инженері
полиция капитаны

 


24-25 октября 2015 года в Костанайском областном филиале молодежного крыла «Жас Отан» партии «Нұр Отан» проводился I сбор (курылтай) дебатеров Костанайской области, где обсуждались основные положения, задачи и перспективы развития дебатных клубов в Костанайской области.

В рамках данного мероприятия 25 октября 2015 года в стенах Костанайского экономического колледжа проводился региональный отбор на XIII Республиканский турнир на переходящий кубок партии «Нұр Отан» на тему «550-летию Казахскому ханству», «20 лет Ассамблее народов Казахстана». По итогам игры, наша команда Костанайской академии МВД Республики Казахстан имени Шыракбека Кабылбаева «The Champions» под руководством старшего инженера группы Научно-исследовательского центра, капитана полиции Ташенова К.Н.  заняла почетное 3 место.

 

Куандык Ташенов
старший инженер  НИЦ
капитан полиции