Тағылымы мол саяхат

Кураторлық сабақ аясында 103 топ тыңдаушыларымен 2015 жылғы 26 қазанда Қостанай қаласындағы Ішкі істер департаментінің мұражайына бардық.

Тыңдаушылар жүректерімен қалап, болашағын байланыстырған мамандықтарына қатысты көптеген мәліметтер жинады.  Қоғамның рухани, мәдени және ғылыми қажеттіліктерін қанағаттандыратын мұндай орындардың берері мол екендігі сөзсіз. Ішкі істер органдарының, оның ішінде Қостанай өңірінің тарихын, мол мұрасын оқып үйрену әр маманға, туған мекенін құрмет тұтатын әр азаматқа міндет.

Мамандықты таңдау бүкіл ғұмырының ертеңін бағамдау екендігін жастар жақсы түсінеді. Сондықтан облыстық Ішкі  істер департаментінің мұражайына бару, оларға үлкен үлгі болды. Мұражайда бірнеше ғасырдан бергі полицияның құрылуы жайында сыр шертер көне заттар мен құнды жәдігерлер қойылған екен. Таңдаулы экспонаттар, тарихи тұлғалардың тағылымды өмір жолдары жөнінде біраз ақпарат жинақтады. Мұражайда Кеңес дәуірі, Ұлы отан соғысы жылдарын қамтыған, құқық қорғау органдарында қылмыспен күрес жүргізген ардагерлерге арналған жәдігерлер орналасқан.

 

Сауле Утегенова
МҚТ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны