Құшағын кеңге жайған «Адам құқығы»

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында адам құқығын сақтау, Қазақстанды одан әрі жаңарту мен демократияландыру күн тәртібіндегі мәселе екендігі айтылған. Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет, өзін әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырып, қоғамның бүгінгі таңдағы әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгерістеріне, яғни нарықтық экономикаға көшу, көп партия құру, қоғамда демократиялық және құқықтық институттарды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі. Өткізілген реформалардың сәтті шығуы ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетін құқықтық сана деңгейіне әсер етеді, одан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары да шет қалмайды.

Осы жердегі маңызды мәселе Қазақстан Республикасында тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап адам құқығы мәселесі ең маңызды мәселелерге айналды. Ағымдағы жылдың 11-14 қазаны аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, ІІМ жоғарғы оқу орындарында адам құқығы арнайы курсын оқытудың тренингі өткізілді.

Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ барлық жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты. Біздің оқу орнымыздан әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, э.ғ.к. полиция подполковнигі Жумабаев Қанат Аканович, ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері құқық магистры, полиция майоры Тулкинбаева Шолпан Жолтаевна, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы құқық магистрі, полиция капитаны Смагулов Медетбек Кошкинбаевич жіберілді.

Қазақстан Республикасы ІІМ кадр жұмысы Департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Ахметов Даулен Далелович, Қазақстандық халықаралық адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросы Қарағанды филиалының директоры Гусаков Юрий Анатольевич, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті, з.ғ.к. Сидорова Наталья Владимировна сында адам құқығы саласындағы белді мамандардың сабақ жүргізуімен семинар өте қызықты өтті. Семинардың аяғында әр қатысушы біліктілік куәліктерін иеленді.

Жас та болса кеңінен өркендеп келе жатқан адам құқығы саласының болашағы зор. Осындай семинарды ұйымдастырып, оқытушыларға ақпарат көзін беруді жүзеге асырған Қазақстандық халықаралық адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросы директорының орынбасары Дживага Денис Андреевичке, Қазақстандық халықаралық адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросы филиалдарының жетекшісі, заңгер Расулова Марияға алғысымыз шексіз.

Құқықтық саналы және құқықтық мәдениетті жас ұрпақ тәрбиесінде аянып қалмайық.

 

Медетбек Смағұлов
мемлекеттік-құқықтық пәндер
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны