Білім күні (День знаний)

Құрметтi әріптестер мен тыңдаушы мырзалар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Жаңа оқу жылының бірінші күні бірнеше ұрпақ өкілдерін біріктірген, дәстүрге айналған мереке. Бұл біздің ортақ мерекеміз, себебі әр істің, әр мамандықтың негізі білімде. Білім, адамға өз өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік, жеңістерге жету мен өз қабілеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Сондықтан, біздің елімізде сапалы білім беруді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.

Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Ел басы «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет. 100 нақты қадам — Ұлт жоспарында» білім беру саласында негізгі міндет – бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау деп атап көрсетті.

1 қыркүйек күні – бірінші курс тыңдаушылары үшін – үлкен өмірге аяқ басқан күн, өзінің жеке болашағына қосқан алғашқы үлесі. Біз олармен бірге жаңа өмір жолына аяқ басамыз. Сондықтан да алдымен бірінші курс тыңдаушыларын құттықтағым келеді. Білім жолындағы Сіздердің алғашқы қадамдарыңыз Академияда білім алуларыңызбен  дамуларыңызға негіз бола алсын. Білім жадыны емес, ойды жүзеге асырғанда ғана білім бола алады, сондықтан да Сіздерге күш-жігер, шабыт және табандылық тілеймін. Болашақ мамандық жолы Сіздер үшін жеңіл болсын және жетістік пен тек қана жеміс әкелсін.

Бірінші қыркүйек күні өмірлерін білім саласына арнаған барша ұстаздар қауымына ерекше көңіл аударылатын күн. Тыңдаушыларды жаңа пәндермен таныстыру, үйрету, оқыту мен тәрбиелеуде олар қаншама тер төгеді, еңбектенеді, оларды өз елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелейді, мақтанышы болуға дайындайды. Сол себептен, Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін, қымбатты профессорлық-оқытушылық құрам. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрін сусындатуда қажымас еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз үшін Сіздерге шексіз алғыс білдіремін.

Қымбатты оқытушылар мен тыңдаушылар! Сіздерді тағы да Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен табыстар, ұдайы ізденіс, шығармашылық, жаңа жасалым, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!

Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!

 

Қазақстан Республикасы ІІМ
Шырақбек Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясының бастығы
полиция полковнигі
М.А. Қызылов

 

Уважаемые коллеги и слушатели!

1 сентября — это праздник, ставший символом стремления к знаниям, просвещению, новым открытиям и новым горизонтам, который выходит далеко за рамки школьных классов и учебных аудиторий.

Этот праздник — первый шаг в удивительный мир, дарящий радость познания! Годы, проведённые в стенах учебного заведения, не только предваряют дорогу в будущее, но и оставляют особый, неизгладимый след в душе каждого на всю последующую жизнь. Нет уз крепче слушательской дружбы! Нет времени счастливее учебной поры!

Основная задача в сфере образования – это подготовка конкурентноспособных специалистов, которую четко обозначил Глава государства в «Плане нации — 100 шагов. Современное государство для всех».

Особые слова приветствия хочу направить в адрес наших первокурсников. Поздравляю вас и ваших родителей с замечательным праздником – Днем знаний – 2015! Вы сделали один из главных выборов в своей жизни — определили стезю будущей профессиональной деятельности. Курсантская жизнь для многих из вас откроет двери во взрослую жизнь, научит принимать самостоятельные решения. Мы надеемся, что избранная профессия за время учебы, поможет вам раскрыться, сформирует нравственное здоровье, качества гражданина, осознающего ответственность не только за свою судьбу, но и за будущее Казахстана. Прочная система знаний, приобретенная в Академии, поможет Вам занять лидирующие позиции в профессии и в жизни.

Для слушателей, продолжающих обучение в нашей Академии, закончилась летняя пора и настало время учебных трудов и волнений. Мы надеемся, что этот год станет новым кирпичиком в фундаменте ваших будущих успехов, очередным плодотворным шагом ко взрослой жизни.

Уважаемые коллеги, примите особую признательность за благородное служение идеалам просвещения. Пусть ваши сердца согревают успехи воспитанников, сторицей возвращается то лучшее, что вы посеяли и посеете в их душах! От всей души желаю всем крепкого здоровья, успешного учебного года.

Нашим слушателям — старания и упорства в приобретении знаний. Пусть время, проведенное в стенах Академии, станет для вас временем добрых надежд, успехов и великих свершений!

В добрый путь в Страну Знаний.

 

Начальник Костанайской академии
МВД Республики Казахстан
имени Шракбека Кабылбаева
полковник полиции
Кызылов М.А.