«Асқар елді асқақтатар Ата Заң»

Тамыздың 30 күні барлық қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап өтеді.  Осы мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының мәжіліс залында салтанатты іс — шара өтті.

Бұл мерекелік іс — шараға академия жеке құрамы мен ардагерлері қатысты.

Мемлекеттік пәндер кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны М. Смағұловпен «Конституцияға 20 жыл: Ата Заң — Тәуелсіздік пен тұрақтылықтың теңдессіз тартуы» атты баяндама оқылды.

Сонымен бірге, жалпы кітапхана қызметкерлерімен  Конституцияның 20 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Академия бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Е. Қаппасов қонақтар мен жеке құрамды құттықтап, оқу орнының қоғамдық өміріне белсене қатысқан жеке құраммен ардагерлерді марапаттады.

Салтанатты іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

 

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІ