19 қазан – Құтқарушылар күні!

Биыл Қазақстан Республикасы төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылғанына 25 жыл толып отыр.
Құтқарушы мамандығының басты мақсаты – азаматтардың өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты миссия. Олардың негізгі міндеті –халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Сондықтан тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Бұл әркімнің де қолынан келе бермейді. Оған үлкен жүрек, білім мен білік және бай тәжірибе қажет.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық қызметкерлері мен ардагерлерін, құтқарушыларды, өрт сөндірушілерді, азаматтық қорғаныстың әскери қызметкерлерін кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының «Құтқарушылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!