ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында  23 маусым – Қазақстан полициясы күні аталып өтті.
Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов қызметкерлерді және профессорлық — оқытушылық құрамын Қазақстан полициясы төл мерекесімен шын жүректен құттықтап, отбасына амандық, шырайлы шаттық, зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар  профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерді Ішкі істер министрінің, Академия бастығының бұйрықтары бойынша грамотамен, мерзімінен бұрын шен алу, төс белгілерімен, алғыс хаттармен және тағы да басқа марапаттармен мадақтады.