Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке орналасу үшін тестілеуге дайындау бойынша онлайн-курс
Құрметті достар! Біз онлайн-тестілеу қызметін іске қосып жатырмыз, оның мақсаты – ІІО-ға қызметке алғаш орналасушы адамдарға заңнаманы білу тестілеуіне дайындалуға көмектесу. Тест тапсырмаларын Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытушылары қолданыстағы заңнамалық актілер бойынша құрастырды, бұл Сіздерге Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бойынша білімдеріңізді тексеруге жәрдемдеседі. Қазіргі уақытта жүйеде кіші басшы құрамы лауазымдарының қызметіне үміткерлерге арналған үшінші бағдарлама бойынша нормативтік құқықтық актілер бар.
Тестілеуден өтудің мәндері:
Жалпы балл – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (45 сұрақ) кемінде 21 дұрыс жауап;
Әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша кемінде 5 дұрыс жауап.
Тесттерді орындау уақыты: 40 минут (45 сұрақ).

http://edu.kostacademy.edu.kz/test_tgs.html