Полиция қызметкері — халықтың қорғаны. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты  полиция қызметкерлері тәулік бойы халыққа қызмет көрсетуде. Осы таңда ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының зейнеткерлері Андрей Владимирович Брылевский мен Татьяна Викторовна  Брылевскаяның қызы 14 жастағы Екатерина Андреевна полиция қызметкерлеріне арнап мына суреттерді тарту етеді. Осы сурет арқылы полиция қызметкерлерінің халық мүддесін биікке қоя отырып, тыныштық пен қауіпсіздіктің сақталуын қадағалайтынын жеткізгісі келеді. Күн-түн демей елдің тыныштығын күзетіп, халыққа  қол ұшын беріп, тәртіпті қырағылықпен сақтап  жүрген қызметкерлердің келбетін суретпен ашып көрсетіп отыр. Екатеринаның салған керемет суреттері полиция қызметкерлерінің рухын көтеріп, қажыр-қайрат беріп, қызметтеріне деген құлшыныстарын арттыра түседі деп ойлаймыз.