Қоршаған ортаны қорғау басты тақырып

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 және 3-курс курсанттары Оқу-әдістемелік орталығының әдіскер-оқытушысы, полиция капитаны Қ.Мырзахметтің жетекшілігімен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Смарт орталығында аталмыш оқу орнының агро-технологиялық директоратының студенттерімен өткен «Экологиялық бағытында құқықбұзушылық мәселелері туралы» сайысқа қатысты.
Конкурсқа қатысушылар  экология  тақырыбындағы плакаттар көрмесін жасап, экологиялық заңнама және  қаламыздың экология саласының мәселелері туралы білімдерімен  бөлісті. Білім жарысында қатысушы курсанттардың тақырыпқа сәйкес айтқан ойлары ұшқыр және тез болды. Аталған сайыста Академия курсанттары  жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Іс-шарада Академия курсанттары мен студенттері тек қана білімдерімен бөлісіп қана қоймай, жаңа достар тапты.  Білім сайысын өте жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін курсанттар өз алғыстарын білдірді және осындай кездесулер екі оқу орындары арасында достық қарым-қатынаста жалғасатындығына сенімім мол.

Оқу-әдістемелік орталығының
оқытушы-әдіскері
полиция капитаны
Қ. Мырзахмет