ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері Ғылыми – зерттеу және редакциялық баспа жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бастығы полиция майоры Болат Алпеисов және ОӘО оқу сапасын мониторингілеу және бақылау (бағалау) бөлімшесінің инспекторы полиция майоры Сауле Новотеева «QOSTANAI» телеканалының «Тобыл таңы» хабарында «Жасөспірімдерге арналған полиция Академиясы»  жобасының міндеттерін, нысандары мен бағыттарын, алға қойған жоспарлары мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы сөз сөйледі.