2020 жылдың 28 қаңтар күні QOSTANAI телеарнасының «Ел мүддесі» хабарында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Кәсіби – психологиядық даярлық және ІІО-ғы басқару кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны Назгүл Жанбыршықызы Турсумбаева «Сүрінбейтін тұяқ болмас тек түзелсе…» атты тақырыпта өткізілген отырысқа қатысты. Отырыста Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету. Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту, оларды жұмысқа орналастыру және көмек көрсету туралы жан-жақты сұрақтар қарастырылды. Полиция капитаны Назгүл Турсумбаева осы мәселеге қатысты өзінің пікірін білдіріп, ой бөлісті.