Академияның жеке құрамы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзін тыңдады

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жеке құрамы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзін тыңдады. Аталған отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы қабылданған маңызды бағдарламаларға, соның ішінде мемлекеттік индустриалдық-инновациялық дамудық мемлекеттік бағдарламасын дамыту, бизнестің жол картасы — 2025, денсаулық сақтау және де тағы да басқа бағдарламаларға тоқталды. Сонымен қатар 2020 жылдың  1 қаңтарынан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілгендігін атап өтті. Жалпы білім беру саласына, жаңа жоғары оқу орындарының қажеттілігін, зейнетақы, жаңа салық кодекстері, экономиканы дамыту және қолдау барысында өткізілген іс-шараларға, «Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылданғандығы және басқа да салалар бойынша қабылданған заңдарға тоқталды. Алдағы уақытта Үкіметтің экономиканы дамытудың жаңа жолдарын табу, халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекетіміздің әлеуетін толық пайдалануды жүйелі түрде шешу қажеттіліктері туралы міндеттерді орындау қажеттілігін айтты.