ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕРЛАН ТҰРҒЫМБАЕВТЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

16 желтоқсанда көп ұлтты Қазақстанның халқы отандық және әлемдік тарихқа енген айтулы оқиғаны – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін атап өтеді.
Біздің еліміз егемендік алғаннан бастап өзінің даму жолын таңдады, кейіннен әлемдегі тұрақты және беделді мемлекетке айналды. Бұл уақыт жасампаздық пен ілгерілеу кезеңі болды.
Бүгінде Қазақстан Республикасы этносаралық және конфессияаралық толеранттылықтың бірегей үлгісі бар сенімді халықаралық әріптес болып табылады. Оның дәлелі — Қазақстанның ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК, Түркі кеңесі мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі. Біздің елордамыз Сириядағы жағдайды реттеу туралы келіссөздердің тиімді дипломатиялық алаңына айналды.
Табысты бітімгершілік қызметімен қатар мемлекет өз азаматтарының бейбітшілігі мен тыныштығын, олардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте, халық пен құқық тәртібі органдары арасында сапалы жаңа қарым-қатынас құру маңызды міндет болып табылады. Азаматтардың сенімінсіз бәсекеге қабілетті мемлекет құру мүмкін емес.
Сіздердің әрқайсыңыз қызметке кірісе отырып, бұл ретте жиі өмір мен денсаулыққа қауіп төндіре отыра, Тәуелсіздікті нығайтуға ерекше үлес қосып келесіздер. Бірақ тек шынайы патриот басқа адамдардың мүдделерін қорғауға әрқашан дайын. Бұл қасиеттерге барлық ішкі істер қызметкерлері ие екеніне сенімдімін. Батылдық пен батырлықты ел басшылығы әрдайым жоғары бағалайды және азаматтар тарапынан құрметке лайық. Бұл жас қызметкерлер үшін борыш пен антқа адал қызмет етудің жарқын мысалы болып табылады.
Ардагерлерге, олардың риясыз еңбегі мен Қазақстандық полиция қызметкерлерінің көптеген буынын тәрбиелегені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.
Ішкі істер министрлігі басшылығының және жеке өз атымнан ардагерлерді, ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесінің, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің жеке құрамын, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін, профессорлық-оқытушылық құрамды, курсанттар мен тыңдаушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық және бейбіт аспан тілеймін. Біздің Отанымыз өркендей берсін, ал азаматтар өздерінің қорғалуына сенімді болсын!

 Министр
полиция генерал-лейтенанты                                                       
 Е. Тұрғымбаев

16 декабря многонациональный народ Казахстана отмечает знаменательное событие, вошедшее в отечественную и мировую историю – День Независимости Республики Казахстан.
Наша страна с самого начала обретения суверенитета выбрала свой путь развития, а в последующем превратилась в стабильное и авторитетное в мире государство. Это время стало периодом созидания и прогресса.
Сегодня Республика Казахстан является надежным международным партнером с уникальной моделью межэтнической и межконфессиональной толерантности. Свидетельство тому — председательство Казахстана в ОБСЕ, ОИС, ЕАЭС, ШОС, СНГ, ОДКБ, СВМДА, Тюркском совете и Совете Безопасности ООН. Наша столица стала эффективной дипломатической площадкой для переговоров об урегулировании ситуации в Сирии.
Наряду с успешной миротворческой деятельностью, государством обеспечивается мир и спокойствие своих граждан, безопасность и защита их Конституционных прав. При этом, важной задачей является построение качественно новых отношений между населением и органами правопорядка. Без доверия граждан, невозможно создание конкурентоспособного государства.
Каждый из Вас, заступая на службу, вносит особый вклад в укрепление Независимости, при этом нередко рискуя жизнью и здоровьем. Но только истинный патриот всегда готов встать на защиту интересов других людей. Уверен, что этими качествами обладают все сотрудники внутренних дел. Мужество и героизм всегда высоко оценивается руководством страны и заслуживает уважения со стороны граждан. Это служит ярким примером верного служения долгу и присяге для молодого пополнения.
Особые слова благодарности и искреннюю признательность выражаю ветеранам за их бескорыстный труд и воспитание многих поколений сотрудников казахстанской полиции.
От имени руководства Министерства внутренних дел и от себя лично, поздравляю ветеранов, личный состав органов внутренних дел, уголовно-исполнительной системы, подразделений по чрезвычайным ситуациям, военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан, профессорско-преподавательский состав, курсантов и слушателей учебных заведений с Днем Независимости Республики Казахстан! Желаю всем крепкого здоровья, счастья, благополучия в семьях и мирного неба. Пусть процветает наша Родина, а граждане будут уверены в своей защищенности!

Министр
генерал-лейтенант полиции
Е. Тургумбаев