Біздің жетістіктеріміз

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында әр аптаның дүйсенбі күні оқу ордамыздың алаңында жеке құрам, профессорлық-оқытушылық құрам, күндізгі және сырттай оқыту факультетінің курсанттары мен арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашылары бір адамдай сап түзеп тұрады. Дәл осы күні Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов бір апта аралығында ғылым, білім, спорт және басқа да республикалық, облыстық және жергілікті іс-шараларға белсене ат салысып, жетістіктерге жеткен жеке құрамды, курсанттарды және тағылымдамашыларды құттықтады.