16 наурыз «Шежіре күні»

16 наурыз – “Шежіре күні”. Бұл күні жұртшылық мал сойып, шелпек пісіріп, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, көңіл айтып, дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Сонымен қатар бұл күні отбасының, жеті атаның, ел-жұрттың тарихы айтылып, шежіресі таратылады.
Әрбір отбасы мен мекемелер үйлерді, орынжайларды безендіреді. Наурыздың басты атрибуты жолтерек үйге, алаңға, көшеге немесе аулаға орнатылады. Төрге құрақ көрпе, алаша, сырмақ, текемет жайылады, қабырғаларға кілем ілінеді

16 марта – День памяти предков и благословений (Шежіре күні). В этот день забивают скот, готовят шелпеки, читают молитвы в память ушедших предков. Родственники, соседи навещают семьи, недавно утративших близких, выражают соболезнования. Старшее поколение рассказывает потомкам о добрых делах, интересных моментах из жизни своих предков, родственников. Кроме того, в этот день рассказывается история семьи, жеті ата (семи поколений), народа. Каждая семья украшает свой дом, организации – помещения. Везде устанавливается главный атрибут Наурыза – жолтерек – в доме, на площади, на улице или во дворе. На стенах вешают ковры, расстилают лоскутные одеяла, алаша, сырмак, текемет.