15 қараша – Теңге күні

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері және ардагерлері!

Сіздерді Ұлттық валюта – Теңге күнімен және қаржы жүйесі қызметшілерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығына сәйкес, 15 қарашада қазіргі қолданыстағы теңгеміз айналымға енді. Содан бері ұлттық валюта егемендіктің белгісіне айналып, еліміздің тәуелсіздігін бекемдей түсті.
Осындай айтулы күнге орай, Академия жеке құрамының және өзімнің атымнан қаржы саласының мамандары мен ардагерлерін төл мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Құрметпен,
Нұрлан Биекенов