№ 10 орта мектебіндегі тәрбие сағаты

2019 жылдың 22 қазаң күні № 10 орта мектептің 2 «А» сынып жетекшісінің шақыруымен мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаты өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу; құқықтық білімді насихаттау; өз бетінше жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру; күрделі жағдайларды сыни талдау дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың теріс қылықтар жасай отырып, заңды бұзумен қатар, өз туған-туысқандары мен басқа адамдарға ауыртпалығын тигізетіні туралы түсініктерін қалыптастыру; топта жұмыс істей білуді дамыту, өз көзқарастарын білдіру, пікірталас жүргізу.
Тәрбие сағатын Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А. Ақылбекова тренинг түрінде өткізгендіктен қызыққа толы болды.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының
аға оқытушысы, полиция майоры
А. Ақылбекова