Жанұя – Отанымыздың ошағы

Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері  Отбасы күнінде жанұяларымен бас қосып,  «Отбасылық сайысқа» қатысты.

Академия бастығы полиция полковнигі Н.Биекенов қызметкерлерді Отбасы күнімен құттықтап, сайысты ашық деп жариялады.

Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Эстафета», екінші «Гір көтеру», үшінші кезең «Арқан тарту», төртінші кезең «Волейбол».  Қатысушы топтар: «Құлагер», «Болашақ», «Ерболат и К» және «Нұр-Сұлтан». Жоғарыда айта кеткендей, топтық жұмыста ауызбіршілік пен бірліктің көмегімен берілген тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындап, мерекені демалыс уақытында көтеріңкі көңіл-күйде атап өтті.

Отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Әр отбасында тәрбиеленіп жатқан өскелең ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашаққа отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат пен азаматша болып шығады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Табандылық, еңбексүйгіштік, туған жерді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқандығын айрықша атап өтті. Мұндай іс-шаралар офицерлердің бойына қажетті жауаптылықты, сондай-ақ адамгершілік — этикалық, отбасыдағы салт-дәстүрлерді дарытуға септігін тигізетіні кәміл демекпін.

полиция қатарындағы
3-курс курсанты
Гүлнұр Максетова