Өрт болған кездегі Академияның іс-әрекет жаттығу жұмысы

Мамыр айының 29-шы жұлдызында 1 курс арасында «өрт болған кездегі Академияның АҚ және ЕӨҚ құрамаларының іс-әрекеті жаттығуы» өткізілді.Оқу жаттығудың басшысы ретінде Академия бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Б.Кусеубаев жетекшілік етті.Өткізілген жаттығу жұмыстарының негізгі мақсаты: Академияның АҚ кешендік командасының және ЕӨҚ жеке құрамы іс-шараларды тәжірибелік жүзеге асыру барысында өрт сөндіретін алғашқы құралдармен өртті болдырмау,жеке құрамды және мүлікті көшіру бойынша машықтандыру мен үйрету және оқыту,ғимаратта өрт болған жағдайда жеке құрамды көшіру жоспары бойынша адамдардың іс-әрекетінің дұрыстығын тексеру.

Өрт болғаны жайлы дабыл келген сәттен бастап көшіру жұмысы жүргізілді. Өрт сөндіру қызметкерлері №3 жатақхана ғимаратын техникалық жабдықтармен жабдықтап,өртті сөндіру бойынша іс-қимыл тәртібін жүзеге асырды.Соның барысында курсанттар жедел көмек көрсету және өрт болған жағдайдағы әрекеттерді бақылап үйренді. Төтенше жағдай негізінде ең тиімді  тәсілдерді іске асыру Академия жұмысының тұрақтылығын жоғарылатуға оның ішінде жаңадан үйреніп жатқан 1-ші курс жеке құрамы үшін маңызды амалдардың бірі болып саналары анық.

 

1 курс курсанты полиция қатарындағы Бакбаева Аида